"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар тәжірибе алмасуда

18.02.2019

                                                        Ұстаздар тәжірибе алмасуда

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»

Н.Ә.Назарбаев

13 ақпан күні Тасты ауылы №14 орта мектебінде «Жаңартылған білім беру аясында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқу үрдісінде қалыптастыру» тақырыбында семинар болып өтті. Міндеті: Жаңартылған білім беру бағдарламасының әдіс-тәсілдерін әріптестермен бөлісе отырып, тәжірибе алмасу болатын.

Ұстаздарды таңертеңгілік қарсы алдық. Маңайдағы 13 жақын мектептерден ұстаздар келді. Келген қонақтарды тіркеп, «Робототехника жобалары» жайлы заманауи техникалық құрылғымен таныстырылды. Аудандық оқу бөлімінен Байболатова Майра Кауашевна мен куратор жетекшіміз Еркебұлан қатысуымен ашық сабақтар жүргізілді. Танымдық, аралас, біріккен, пікірталас сабақ түрлері өтті. Жаңартылған білім беру бағдарламасының әдіс-тәсілдерін шеберлікпен жан-жақты көрсете білген ұстаздарымызды атап өтсек: Ұлттық отбасылық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Жеті ата – елтанудың бастауы тақырыбында Айдарбекова Айгүл Бахировнаның танымдық сабағы. Жас ұрпақтың санасына жеті атаны сіңіру, өз шежіресін білу, елінің, жерінің тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу бағытында жүргізді. Білікті мұғалімнің шығармашылық ізденісі келген жас мамандарымызды таңғалдыра білді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей 6 сынып оқушылары да жоғары белсенділікпен өз ойларын ашық, айқын жеткізе білді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің тағы бір жүргізген іс-шарасы «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында пікірсайыс жүргізді. Келген 30 мұғалім білікті маманның сабағында отырып өздерінің таң қалыстарын жасыра алмады. Пән мұғалімі Айгүл Бахировна Латын әліпбиінің грамматикасына шолу жасап, келген ұстаздар жаңа серпінмен, жоғары көңіл күймен тарасты. Ұстаз шеберлігінің арқасында келген қонақтарды да, «Көрермен не дейді?» деген сұрақтар қою арқылы латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары жайлы сөзге тартты. Келген ұстаздар өз ойларын ортаға салды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Жамц Хазираш «Балалық шағымның аспаны» тақырыбында Елбасымыздың өмір жолы жайында балалармен керемет ынтымақтастықпен жоғары деңгейде сабақ жүргізіп шықты. Ұстаздар алғыстарын жаудырып тарасты.

Математика, тарих, орыс тілі пәндерінен ашық сабақ көрсеткен Досжанов Қ.М, Амирова Н.А, Нугуманова С.А, Балмағанбетов С.Ж сынды ұстаздарымызды атап өткіміз келеді.

Түскі астан кейін «Ақ көгершін» көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысы көрсетілді. Содан соң мектеп ұстаздары мен келген қонақтар арасында кері байланыс жасалды. Ұстаздар қауымы келешекте осындай семинарлар жиі болса деген ұсыныспен тарасты. Келген әріптестерімізді құшақ жая қарсы алып, қимастықпен шығарып салдық.

 

Просмотров: 419

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст