"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарына бос орын

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Тасты  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі  лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Тасты  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  мектеп директордың әдістемелік ісі жөніндегі  лауазымына;

         - «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің  Тасты  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   Тасты ауылы, М.Әуезов көшесі, 18.1, мекенжайы бойынша орналасқан телефон 8 776 1690316, 871651326 26

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;

-үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан жоғары

-оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-модератор,педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы,

-педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл.

Білуге міндетті:       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін;  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

      Лауазымдық міндеттері: 

  1. Әдістемелік бірлестікте оқу және әдістемелік жұмысты басқарады (әрі қарай ӘБ).
  2. ӘБ қызметін ұйымдастырады және жоспарлайды.
  3. Жоспарға сәйкес ӘБ отырысын өткізеді.
  4. ӘБ қызметі үшін қажетті құжаттарды жүргізеді, ұйымдастырады (мектепте портфолио әдісін енгізсе оны жүргізеді)
  5. Мұғалімдердің сапалық құрамын, ӘБ жұмысының қорытындысын талдайды, ӘБ жұмысын педкеңес пен әдістемелік кеңеске көрсетеді, ұсынады.
  6. Мұғалімдерге пән бойынша бағдарлама, тақырыптық- календарлық жоспар, оқу-әдістемелік құрал, дидактикалық және көрнекі құрал жасауға көмектеседі.
  7. Пәндердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуінің ҚР–ң стандартына сәйкестігін қарайды.
  8. Мұғалімдердің сабаққа дайындығы мен оның сапалы өткізілуін бақылайды.
  9. ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелік- зерттеу, экспериментік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға көмектеседі, өздігінен білім алу жоспарының орындалуына көмек береді.
  10. Мұғалімнің біліктілігін санатын арттыруға ұсыныс пен мінездеме дайындайды (директордың орынбасарымен бірге).
  11. ӘБ мұғалімдерінің озық тәжірибесін зерттеуді, жинақтауды, таратуды ұйымдастырады.
  12. ӘБ мұғалімдерінің шығармашылық топтың материалдарын, өздігінен білім алу тақырыбы бойынша материалдарды баспаға дайындауды ұйымдастырады.
  13. ӘБ –тегі пәндер бойынша сапаның соңғы нәтижесінің мониторингісін жасайды (ҰБТ,МАБ, жыл қорытындысы).
  14. Мұғалімдердің және ӘБ жалпы қорытындысының рейтингісін жасайды.
  15. Белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру  мектептің  ресми сайтында соңғы жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде Целиноград ауданы, Тасты  ауылы, М.Әуезов көшесі 18/1, мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер: Анықтама үшін телефон: 87761690316, 87165132626, Lug14mk@mail.ru



Сұрақ қою

Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.03.2022 09:19
Құрылған күні: 30.03.2022 23:43

Текст