01.09.2024
🔰 «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы
аясында 1 қыркүйекте Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында мектеп-гимназиясы мен IT-лицейі оқушыларға есіктерін айқара ашты. Жаңа оқу жылында 100-ден астам педагог 1800-ге жуық оқушыға сапалы білім бермек.
Білім ошақтары 3 қабатты. Кабинеттердің барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сапалы білім беру үшін мұнда барлық жағдай жан-жақты жасалған.
Интерактивті тақталары бар пәндік кабинеттерден бөлек, шеберханалар мен зертханалар да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектеп-гимназиясының оқушыларын Білім күнімен құттықтады.
Мектептердің салтанатты ашылу шарасына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов те қатысты.
_____
🔰В рамках Национального проекта «Комфортная школа» 1 сентября распахнули свои двери школа-гимназия и IT-школа в селе Талапкер Целиноградского района. Учебный год в них начнут около 1800 школьников, которых будут обучать более 100 педагогов.
Трехэтажные здания учебных заведений оснащены современным оборудованием, созданы все условия для качественного обучения. Помимо предметных кабинетов с интерактивными панелями, в школах предусмотрены мастерские и лаборатории. Для обеспечения безопасности детей установлены камеры видеонаблюдения, турникеты, тревожные кнопки.
Учеников школы-гимназии с Днём знаний поздравил аким Акмолинской области Марат Ахметжанов.
С открытием школ также поздравили министр здравоохранения Акмарал Альназарова и депутат Мажилиса Парламента Асхат Аймагамбетов.
@aqmoedu
@tselinogradsk