Мектебімізде 5 қыркүйек күні " Тіл - достықтың көпірі " атты Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне орай апталықтың ашылуы өтті . Тіл мамандары Алаштың арысы , қазақ тіл білімінің атасы , түркітанушы , аудармашы , зерттеуші, төл жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін атап өтті. Мектеп оқушыларының ішінен 5А сынып оқушысы Досаған Нұрай Серік Қалиевтің "Менің тілім "атты өленің жатқа оқыды. Тіл мамандары үш тілде құттықтау сөздер сөлеп , мектеп оқушыларын тіл апталығында белсенді қатысуға шақырды.