"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16 желтоқсан- ҚР Тәуелсіздік күні

31.01.2020

"Тәуелсіздік елімнің- тірегі"

       Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде бірнеше іс-шаралар аталып өтті. Алдын ала жоспар құрылып сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.Тәуелсіздік күніне орай әр сыныптарда алдын-ала жоспарланған тәрбие сағаттары аталып өтті. Ұстаздарымыз оқушыларға тәуелсіздіктің жемісі мен оның бізге қалай жеткен жолдарын атап көрсетіп, оқушыға ұғындыра білді. Мұғалімнің оқушылар назарына мықтап ұғындырғаны: Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмеуі; соқтықпалы соқпасыз күй кешкеніміз; аға-апаларымыздың қанымен, жанымен алып берген тәуелсіздік екенін атап көрсетті. Тәуелсіздіктің жолында құрбан болған аға-апаларымыздың ерен еңбегіне тағзым ету, оларды жадымызда мәңгілік сақтау бүгінгі күні біздің міндетіміз. Терең тарихқа толы бұл мерекенің аталып өтуі біздер үшін зор мәртебе. Сондықтан әр сынып жетекші бұл мерекеге байланысты тәрбие сағаттарына үлкен дайындықпен келді.Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің мұражайы жаңартылып,жаңа ғимараттар мен мүсіндерге толтырылды.. Атап айтсақ,1 cыныптар «Бәйтерек монументін»,2 сыныптар «Қылыш»,3 сыныптар «Бесік»,4 сыныптар «Алтыбақан»,5 сыныптар «Домбыра және Қобыз»,6 сыныптар «Тәуелсіздік монументін»,7 сыныптар «Алтыбақан»,8 сыныптар «ЭКСПО  2017»,9 сыныптар «Алтын адам»,10 сынып «Болашақ энергиясын» жасап шығарып,өздерінің шеберліктерін айқын көрсете білді.Атсалысқан  ұстаздар мен оқушыларға алғысымыз шексіз.

Мәдениет үйінде тәуелсіздік күніне орай өткізілген ең үлкен мерекенің бірі «Жас Ұлан» ұйымының кезекті қабылдануы болды. Жас Ұлан ұйымының Ұланбасшысының орынбасары Тукеева Жұпар   бөлінген топтар бойынша: «Мұрагер», «Балапан», «Сұңқар» тобына әнұран мен топтың ұраны айтылып, Тәуелсіздік күніне дайын екендері туралы рапорт берді. Бұдан басқа ЖасҰлан ұйымының , әнұраны айтылды. Мектебіміздің Хайдаралы Арман,Ибатова Олеся,Гизик Елена,Жанат Дамира,Белявский Марьян,Кунусбекова Мерей,Асланбек Ислам,Ещен Еділ оқушыларымыз Жас Ұлан ұйымына қабылданып мойындарына көк түсті туымыз түстес галстук пен төсбелгі  тақты. Алдағы уақыттарда жақсы оқып, тәртіпті болып, ата-анасын, Отанын құрметтеуге ант берді.Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шараның ең үлкені-мерекелік-концерттік бағдарлама болды. Тәуелсіздік пен  Желтоқсан оқиғаларына байланысты әдеби-монтаждар қойылды;Мектеп оқушыларының қатысуымен «Туған жер» , «Елім менің» тағы басқа әндері орындалып,мың бұралған қыздардың биімен жалғасын  тапты.

Просмотров: 527


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст