"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 мая-День Победы "Никто не забыт, ни что не забыто"

16.05.2019

Соғыс ардагерлерінің төл мерекесінен қысқаша мәлімет


       Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 74- жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін  еске түсірер ұмытылмас оқиға екендігінің көрінісі. Тарихта алтын әріппен жазылып, мәңгілік қалатын күн.

     Жуырда, 9- мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Тасты ауылдық окугінде  жыл сайын өтетін  дәстүрімізге айналған соғыс ардагерлерінің үйлерінің іргесіне естелік тақтайшалары орнатылды. Тақтайшаларды орнату салтанаты 7- мамыр күні Отан қорғаушылар мерекесіне сәйкес  келіп түсті. Ардагерлеріміздің туған –туысқандары,немере –шөберелері жиналды. Тастақ ауылының тұрғыны  Ұлы Отан соғысының ардагері,Ахметжанов  Қаріптың,Кустаев Ахмет,Шакеев Абралды, Тасты ауыл округінің әкімі Аппасов Б.К. және ақсақалдар кеңесінің  төрағасы, Өтешов Ж.Қ. және  мектебіміздің директоры Османова Р.Я.мен тәрбие ісінің орынбасары Ермұханбетов С.К. арнайы барып, естелік тақтайшасын ұрпақтарына табыс етіп,атаулы күнмен ұжым атынан құттықтау лебізін білдірді. Ауылымыздың иманы Жылқыбай Жанболат  осындай игі іске аруақтарға арнап құран бағыштады. Жас ұрпаққа тәрбиелік мәні бар «Ер есімі-ел жадында» деген  мақсатпен өткізілген акциялар жастарды туған  жерін, Отанын сүюге,патриоттық сезімге баулу болып табылады деген оймен  өткізілген игі істердің бірі. Осы ұлы мерекеде абзал ардагерлеріміздің фотосуреттерін әлеуметтік жүйелерге «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды»хэштег тақырыбында тарату акциясына қатыстық.

Ұлы Отан соғысына арналған мектепшілік мерекелік іс-шара туралы айта кетсек, «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» деген тақырыпта оқушылардың қатысуымен тәрбиелік мәні зор концерт ұйымдастырылды. Бұл мерекелік іс –шарамыз ересек ауыл адамдамдары мен әкімшілктің мәңгілік отқа гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оқушылар өздерін бір сәт әскери сезімде болып, сапта жүріп патриоттық әнмен жалғастырды.  Бәріне қызықты болғаны әскери қаруды бұзып,  қайта жинаудың тәсілдерін жасөспірімдер өз өнерлерін  көрермендердің назарына ұсынды. Ауылдық округінің әкімі, Аппасов Б.К. 11-сынып оқушыларына әскери билетін табыстады -бұл рәсім жастардың батыр болу,елінің қорғанышы болуға мотивациялық қадамы болып саналады деп ойлаймыз. Мейрам патриоттық әндер, бимен ұласты. Ұлттық өнермен көмкерілгендей бір көркем көрініске айналды.Мектеп ұжымының  белсенді қатысуымен іс-шара ойдағыдай өтті деп айтуға болады.

Еліміз өркендеп,мәңгілік бейбітшілікте өмір сүріп,саналы қоғам тәрбиелеуге осындай іс-шаралар өтіп тұруы  үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Тасты ауылы

Байгужина Куаныш Ерсаяновна

Тәлімгер

 

 

 

 

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст