"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарақат алған кездегі медициналық алғашқы көмек көрсету

02.05.2019

 

 Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).Жаралардың зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнеше түрі бар.

Жарақаттардың түрлері:

1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.

3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.

4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).- химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).- физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тогының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).- биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроағзалардың әсері)- психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).

Жарақаттанушылықтың түрлері:

1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік),

2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық),

3) балалық,

4) тұрмыстық,

5) спорттық,

6) көшелік,

7) әскерлік,

8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.

Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.

Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және т.б.

Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды.

Шоктың төрт дәрежесi бар.

І дәрежелi шок – орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады.Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.

ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.Денеден қан көп кетсе немесе ағза салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда көлікпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.Мұндай жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп алу керек. Қан ақса, тез уақытта тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, ондай жағдайда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады, зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай беру керек. Жарақат қай жерде болса да, ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.

Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:

1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.

2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).

3. Зембiлге жатқызу.

4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.

5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылын 0,5-1,0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.

6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.

Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.

 

17.Есінен талу, жылу мен күн өткен және улану кезіндегі алғашқы көмек

179. Есінен талу кезінде (бастың айналуына, жүректің айнуына, өкпесі қысылғанда, ауа жетпегенде, көзі қарауытқан кезде) есінен тану кезінде кенеттен мидан қан кететін болғандықтан зардап шегушінің басын денесіне қарағанда төмендеу қылып жатқызады. Зардап шегушінің киімін шешіп, оған суық су ішкізіп, мұсатыр спиртін иіскетеді. Басына суық және мұзды таңғыштар қойылмайды. Беті мен кеудесін суық сумен сулауға болады. Осы әрекеттерді зардап шегуші есінен танғаннан кейінде жасауға болады.

180. Жылу мен күн өткен кезде қанның миға құйылуы болады. Осының нәтижесінде зардап шегуші кенеттен әлсіреуді, бас ауыруын сезеді, құсып, оның дем алуы үстірт болады. Мынадай көмек көрсетіледі: зардап шегушіні сыртқа немесе ыстық бөлмеден шығару не күннің көзінен көлеңкеге, таза ауа жеткілікті түрде кіретін салқын бөлмеге апарылады. Оның басы денесінен биіктеу қылып жатқызып, дем алуға кедергі келтіретін киімін шешіп, басына мұз немесе салқын таңғыш тағып, кеудесін салқын сумен сулап, мұсатыр спирті иіскетіледі. Егер зардап шегуші есін жоғалтпаған болса оған 15-20 тамшы шүйіншөптің тұнбасын стаканның үштен бір бөлігіне тамызып ішкізіледі.

181. Егер дем алуы тоқтаса немесе әлсіз болса және тамырының соғуы сезілмесе, дереу қолмен дем алдыруды және жүрек сыртынан массаж жасауды бастап дәрігер шақыртылады.

182. Газбен, сонымен қатар иісті, ацетилен, табиғи газбен, жанармайдың буымен және сол сияқтылармен улану кезінде бас ауыруы, «шекенің соғуы», «құлақтың шулауы», жалпы әлсіздік, бас айналу, жүректің қатты соғуы, жүректің айнуы мен құсу пайда болады. Қатты улану кезінде ұйқышылдық, көңілсіздік, немқұрайдылық, ауыр улану кезінде – ретсіз қозғалысты қозушылық, дем алудың болмауы немесе тоқтауы, көз қарашықтарының ұлғаюы орын алады.

183. Барлық уланған жағдайда зардап шегушіні уланған аймақтан дереу көтеріп не ертіп шығарып, дем алуға кедергі жасайтын киімін ағытып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіп, оны жатқызып, аяғын көтеріңкіреп, үстін жылырақ жауып, мұсатыр спирті иіскетіледі.

184. Ессіз жатқан зардап шегушінің құсуы мүмкін, сондықтан оның басын бір жағына қарай бұру қажет.

185. Дем алу тоқтаған кезде дереу қолмен дем алдыруды бастайды.

 

Просмотров: 944


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст