"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүбірлеп өткен ұлы той

28.03.2019

Дүбірлеп өткен ұлы той

        Халқымыздың ең ұлық мерекесі-Наурыз мейрамы қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінде жалғасын тауып, жан-жақты аталып өтілуде.Наурыз –бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.Тамырын тереңінен тартқан осынау мейрам-береке мен татулықтың, тазалық пен ізгіліктің тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

  Ұлыстың Ұлы күні Тасты ауылының Мәдениет үйінде ауыл округінің әкімі Аппасов Бесимбай Киниятұлының ұйымдастырумен өткен «Армысың,Әз-Наурыз!» атты наурыз мейрамы есте қаларлықтай өте кең көлемде тойланды.

Мерекеміздің салтанатты ашылу шарасы ауыл округінің әкімі Аппасов Бесимбай Киниятұлы ат жарысын қадағалаушы Шерьязданов Ерболға ту табыстау рәсімінен бастап, шабандоздар «Көк тудың желбірегені» әнімен сап түзеп, алаңға тартты.

Ауыл жастарынан бастаушы болған  Баттаков Казбек,Шерьязданов Ербол,Жолдыбаев Дастан,Ли Сергей өз қалталарынан қаражат жинап,ат жарысының өтуіне мұрындық болып,жергілікті жерде орташа қашықтыққа ат жарысы өткізіп, жүлделі келген орындарды мақтау қағазы мен марапаттап, қаржылай  сыйлықтар  табыстады. Жұртшылықтың көңілінен шыққан іс- шаралар, әрі қарай мерекелік концертпен жалғасын тапты.Наурыз мейрамымен тұспа - тұс келген мерейтой иесі көп балалы ана, күміс белгі иегері,қоғамдық жұмыстарға  белсене  қатысушы Набиева Сауле Каниқызын ауыл округінің әкімі Аппасов  құттықталып,ашықхат пен гүл шоғын табыстады..Сонымен қатар, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өтешов Жақсылық Қабешұлы еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлері және  еңбек ардагерлері,өңіріміздің белсенді жастары мен ұстаздар ұжымын, Мәдениет үйінің ұжымына атсалысып,сый –құрметтері үшін зор ризашылықтарын білдіріп,мерекелік құттықтаулары мен ақ тілектерін арнады.Ақ шапанын жамылған Қыдыр Ата халыққа ақ батасын беріп, қазақтың  ұлттық киімін киген ару қыздарымыз Ұлы той қонақтарына  шашу шашты.Өнерге сусаған халық концерт залына лық толды.

Кеште «Домбырашылар» оркестрі Кайралапов Сабитбек Шорманғалиұлының жетекшілігімен  Құсайновтың «Мереке» күйін ұсынса,қазақ халқының ұлттық аспаптарымен талантты ұстаздары мен шәкірттері де әуезді әндерімен әр жүректі әлдилеп, «Алесто» бишілер тобының Өмірбекова Айжан Әлімжанқызының жетекшілігімен «Аққу», «Жайлауда», «Саржайлау» билерімен жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күймен сыйлап,өнер сүйер қауымды тәнті етті.Ұлы күнді тоқшылықпен қарсы алу үшін,арнайы дастархан жайылды. Ақжаулықты  әжелеріміз Наурыз тойының өзіне тән үлкен дәмді тағамы- наурыз көже мен  жастарымыздың ақ қолдарынан жасалған ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.Ұлттық киім киген ару қыздарымыз келген қонақтарды  қонақ жайлылығымен баурап алды.Сонымен қатар, балуандар белдесіп жатса,енді бір жерде арқан тарту,кір тасын көтеру, қол күрестіріп,өзара күш сынасты.Аталған спортық жарыстардың жеңімпаздарына да арнайы құнды  сыйлықтар табыстады.Ауылымыздың біртұтас үлкен  ұжымы өзінің ауызбіршілігінің мықты,ұлттық салт-дәстүрге берік,өнерді де спортты да қадірлейтін,    өз қызметтік міндеттерін де адал атқаруға әркез дайын екендіктерін көрсетті.Бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті тірлікті паш еткен жастар мейрамды жоғары деңгейде тойлады.

Осы орайда  мерекелік  шараларды ұйымдастыруға  белсенді түрде атсалысқан және наурыз мейрамын тойлауда демеушілік көрсеткен зейнеткерлер мен ауыл жастары, №14 орта мектебі мен Мәдениет үйінің ұжымына,  «Жұлдыз», «Евгения» дүкендеріне,  «АКА»  ЖШС –нің жеке кәсіпкерлеріне алғысымыз шексіз. Тасты ауыл округінің әкімі Аппасов Бесимбай Киниятұлы демеушілік көрсеткендерге ризашылығын білдірумен қатар,алғыс хаттар табыс етті.

 

 

 

Тасты ауылы

Байгужина К.Е

Аға тәлімгер

Просмотров: 371

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст