"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерлік –жан дүниенің ұлы қасиеті.

20.02.2019

Ерлік жан дүниенің ұлы қасиеті.

Жуырда «Целиноград ауданының № 14 орта мектебі» ММ-де

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Ауған жеріндегі ұлыс даласының  Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай,алғашқы әскери дайындық  пәнінің  мұғалімі Кайралапов Сабитбек Шорманғалиұлының  ұйымдастыруымен «Ауғанстанның  отты жылдары» тақырыбында ерлік  сабағы өтті.Ерлік сабағы екі кезеңнен құрылды.Бірінші кезеңінде арнайы сыйлы қонақтарымыз  Астана қаласының тұрғындары Нұрғалиев Атымтай Сұлтанұлы,Сулеев Санат Артельевич, Куанышкалиев Абиль Рухаллович,Ақмешіт  ауылының тұрғыны Құрақпаев Сұңғат Жамбылұлы және Тасты ауылдық округінің  әкімі  Аппасов Бесимбай Киниятұлы,  ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Өтешов Жақсылық Қабешовқа  ашық хаттар таратылып,шақырылды. Сондай ақ  Тасты ауылдық округінің  әкімі  Аппасов Бесимбай Киниятұлы,  ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Өтешов Жақсылық Қабешов және  мектеп директоры Османова Ризвангул Ясуновна  ардагерлерді  атаулы  мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен отбасылық  берекені тіледі. Мектеп директоры Османова Ризвангул Ясуновна  № 14 орта мектебінің ұжымы атынан  Ауған соғысының ардагерлеріне алғыс хат табыс етті.  Келешек жас ұрпақты  ауғанстандағы  сұрапыл соғыс  жайында, кеңес   әскерінің  көрсеткен ерлігі, отанға  деген  сүйіспеншілігі, жас  ұрпаққа  әскери-патриоттық  тәрбие  беру мақсатында  келген  қонақтарымыз  бастарынан өткен  қиын  кезеңдерді  есте қалған  сәттерді  әңгімеледі.Оған қоса  Ауған  соғысы  жайында   бейне роликтер көрсетілді. «Ауған жалыны» тақырыбында әдеби- музыкалық қойлымымен 

 Абенов Нұрлан Нағашыбайұлы  «Менің әкем» әнімен, Досағанова Нұргүл «Ауғанстан –жүректегі жара» монолог оқыса, Байдильдина Аружан «Қос бәйтерек» әнімен    тыңдаушылардың  жүрегін баураса,  «Жігер» әскери-патриоттық  клубы  өздерінің өнерлерімен  де  ардагерлерімізді таң қалдырды. Кездесудің екінші бөлімінде  әскери спорттық  сайыс өткізілді. Сайыста саптық  жаттығудан ,автоматты  жартылай  бұзып,жинаудан,газжұмылдырықты киюден ,өз өнерлерін көрсетті.Бөлімшелер номинация бойынша марапатқа ие болды.Ардагер ағаларымыздың ақ батасын алып, Тәуелсіз елдің  жарқын болашағы жас ұрпақтың қолында деп тілектерін білдірді.

 

 

 Тасты ауылы

Аға тәлімгер

Байгужина К.Е

 

Просмотров: 498

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст