"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ауғанстандағы отты жылдар" тақырыбында ерлік сабағы өтті.

20.02.2019

 

                                                                Бекітемін

                                                                Мектеп директоры

                                                                Османова Р.Я.

 

 

 

Ауғанстандағы отты жылдар.Ерлік сабағы.

 

            (кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына

30 жыл толуына арналған әдеби-музыкалық қойылым)

 

Мақсаты: Келешек жас ұрпаққа ауғанстандағы сұрапыл соғыс жайында,кеңес әскерлерінің көрсеткен ерлігі,отанға деген сүйіспеншілігі,жас ұрпаққа әскери- патриоттық тәрбие беру.

 

Көрнекілік: Теледидар,Ауған соғысы жайында слайдтар

 

Өтетін орны  АӘД кабинеті

 

 

 

 

 

 

жүргізуші

 

 Құрметті қонактар, мектеп мұғалімдері, оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 30 жыл толуына байланысты «Ауған жалыны» атты әдеби-музыкалық кездесу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

 

ҚР әнұраны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін біздің мектебімізде қонақта ауған соғысының ардагерлері;

 

 Құрақпаев Сұңғат Жамбылұлы  Ақмешіт ауылының тұрғыны

1987-89 жылдары Герат провинциясы,

Карези-Ильяс кишлагында әскери борышын

өтеген

 

Нұрғалиев Атымтай Сұлтанұлы Астана қаласының тұрғыны

1986-88 жылдары Кандагар қаласында  әскери борышын

өтеген

 

 

 Сулеев Санат Артельевич  Астана қаласының тұрғыны

             1979-81 жылдары Кабул қаласында әскери борышын

өтеген

 

 

 Куанышкалиев Абиль Рухаллович  Астана қаласының тұрғыны

             1986-88 жылдары  Пули-Хумри қаласында әскери борышын

өтеген

 

 

 

Құттықтау сөз Тасты ауылдық округінің әкімі  Аппасов Бейсенбай Қиниятұлына беріледі.

 

 

Құттықтау сөз ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Өтешов Жақсылық ағамызға беріледі.

 

 

Құттықтау сөз №14 орта мектебінің директоры Османова Ризвангүл Ясуновнаға беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ақпанның 15 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына       30 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың   12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі контингенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.

 

 

Ауған жайлы видео материал

 

1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.

Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 780 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар-ошарсыз кетті.

Ауған жерінде қаза болған жауынгерлерді еске алайық.

 

 

 Бір минут үнсіздік

 

1 оқушы Айнұр

 

 Армысыздар, ауғандық жауынгерлер,

 Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

 Өткен күндер есіңнен еш кетпейтін

 Әрқашан ұзақ жасап, дәуірлеңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

жүргізуші

Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты, 35 мың адам жараланды. Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ. 1979 жылы 25 желтоқсанда басталып, 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 22000 адам қатысты. Оның 780-і соғыста құрбан болды, 21-і із-түзсіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген сөзді растамасқа болмайды. Отан үшін отқа түскен боздактардың өздері жоқ бол­са да, рухтары қасымызда мәңгі бірге, ұмытпайық! Олар ерлік жасады, бірақ кім үшін? Бұл оқиғалар сөзсіз ерліктен, қайсарлыктан туған.

 

 

 

Біз Отанның ұланымыз-ән

 

2-оқушы Аяна

 

 Ауғанның қанда даласы, Адамзаттың наласы
 Бүк түсіп жатыр қан құсып ,Қаралы таулар, қарашы
 Адасып барып армандар, Кабулда күл боп қалғандар

 Гүл болып көгеріп, Өмірді қайта жалғаңдар
 Арманда кеткен ер үшін, Ұмытпас елім арысын.
 

 

  жүргізуші

  Бұл  соғыс  көптеген  жастардың  өмірін  бұзып  кетті.  Осыған  қарамастан,  олар  өздерінің  Отанына  берген  анты  мен  азаматтық  парызын  адал  орындап,  берген  анттарына  берік  болды.  Бұл  от  шалған  жер біздің  жас  ұрпағымыздың  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  фашистерді  жеңген  ата-әкелеріміздің  ерлігіне  тұрарлық  екенін  көрсеткенін  мақтанышпен  айтамыз.  Біз  бұл  соғыста  қайғылы  қазаға  ұшыраған  ата-ана,  туған-туыс,  әйелдер  мен  балалардың  жан  жарасына  ортақпыз  және  алапат  соғысқа  қатысқандарға 

сый-құрметімізді  көрсетіп,  бас  иеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-оқушы Амина

Міне өтті қас қағымда 30 жыл,

 Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.

 Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,

 Отанмен әрқашанда жаны да бір.

  Ағаларым жаралған ерлік, рухтан,

  Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған.

  Отан үшін қан майданда жерді құшып,

  Бізге күнді, көк аспанды сыйға тартқан.

 

Көркем сөз    Досағанова Нұргүл

 

  4-оқушы Дильназ

  Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,

  Дұшпандар айдалада жатыр жайрап,

  Қарайды аға- батыр  айналаға,

  Бойынан лапылдайды жігер, қайрат.

  Келеді қос жанары отша жанып,

  Ағалардың ерлігіне елі қанық.

  Есімі ешқашанда ұмытылмайтын

  Тарихта аңыз болып қалары анық.

 

 

Жүргізуші: Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Отан үшін отқа түс - күймейсің», «Айбындылық аспаннан түспейді», «Анадан ешкім батыр болып тумайды». Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтейік, ағайын!

   

Ән сал сарбаз

 

5-оқушы Дамеля

 

 Бітпейді соғыс салған салдарлары,

 Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі

 Қырық бірдің отты жылы көнергенде

 Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы

 Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда

 Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда

 Он сегіз – жирмадағы боздақтардың

 Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

 

 

 

 

6-оқушы Анеля

 

 Алысып қас дұшпанмен қасарысқан,

 Адалдықпен от кешті жас арыстан.

 Лайық бүгін жылдар жылжып өтсе дағы

 Жауынгерлер бар құрмет пен алғысқа.

 

 Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

 Қалды ау талай ғұмыр тау мен таста.

 Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,

 Жастары жетпеген ед 20 жасқа.

 

 

Менің қос бәйтерегім.  Байдилдина Аружан

       

 

  7-оқушы

  Мен қазақпын ,ұланымын елімнің ,
  Мен қазақпын , тірегімін жерімнің .

  Ұланымын туын көкке көтерген ,
  Болашаққа алға бастап жетелер. 
  Қиындығын қазағымның әр-қашан, 
  Қайыспайтын қара нардай көтерер.

 

    

 

          Туған жер

       

    8-оқушы

 

   Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері ,
   Қазақ елі - Қас сақтай ердің елі, 
   Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім
   Азат бүгін, ел жоғын қуған ері. 
   Әділет пен билікке жанын қиып ,
   Әділ өткен билердің туған жері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 Ауған соғысындағы жауынгердің хатынан үзінді

 Жүргізуші  Сәлеметсіздер ме әкешім,анашым, аға, жеңгей, бауырларым, қарындастарым. Қалдарың қалай, ауыл-аймақ аман-есен бе? Ауылда жаңалық көп шығар, бізбен оқығандар армиядан келіп жатқан шығар. Менің қалым жақсы. Ауғанстандамын, бұрын хатқа жазғызбайтын. Мені қай уақытта босататыны белгісіз. Егер мен аман болсам, майдың ортасына таман барып қалармын. Хат жазбай-ақ қойыңдар. Бұл жақта күн ыстық, қысты көргеміз жоқ. Хош сау болыңдар!

Сәлеммен ұлдарың Марат ... 1988 жыл 25 сәуір.

Міне, осылай қысқаша ғана үй ішіне талай боздақтар хат жолдаған, оның кейбірі ешқашан қайтып оралмады да.

 

Менің әкем.   Нұрлан ағай

 

1 Жүргізуші

- Құрметгі майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халыктың зердесінде бағасы артып, уақыт алға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоктығы биіктей бермек. Біз сіздерді мактан етеміз

 Ерлік - елдің туы. Ер қуаты - қару болса, ел қуаты - батырлары, сакадай сарбаздары мен сардар-лары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халыктың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахна-сында сактаулы жүрсе, қазақ баласы азаматгық парызын адал актауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, қүрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.

 

Қазақтай ел қайда.   Нұржауов Самғат

 

 

Слайд

 

Просмотров: 466

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст