"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Общеобразовательная школа села Тасты отдела образования по Целиноградскому  району управления образования  Акмолинской области"

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

  - Facebook

- Instagram 

КҮНТІЗБЕ


«    Наурыз 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

МЕКЕН-ЖАЙ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік жас маман- 2023" байқауы

15.02.2023

 Еліміздің болашағы — бүгінгі жастардың қолында. "Тасты ауылының ЖОББМ"КММ-де оқу ісі жөніндегі орынбасары Жылқыбай Маржанның ұйымдастыруымен  «Үздік жас маман- 2023» байқауы  өтті.
Байқауымызға  мектебіміздің 8 жас маман қатыстып, бақтарын сынады. Атап өтсек,  Қозыбай Әмірхан Асылханұлы– информатика пәні мұғалімі, Шерьязданова Асемгуль Кабдрашитовна  — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Бақытбек Ерболат — математика   пәні мұғалімі, Нугманова Гульназ Муратовна – бастауыш сынып мұғалімі, Бахитжанов Расхан Дүйсенбаевич  — дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Машенова Гүлім Бөкенбаевна  — бастауыш сынып мұғалімі,  Мусина Жанат Баяновна  — музыка пәнінің мұғалімі.

Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: таныстыру,   өз өнерін көрсету, үздік сабақ,жағдаяттық сұрақтар. Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан жақсы шыға білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.  Шығармашылық кезеңінде талантты мұғалімдеріміз аспапта ойнау, тамылжыта ән салу, мың бұрала билеу, әртістік шеберліктерін   айшықты етіп көрсете білді.

Әділ қазылар алқасының  мүшелері  төрт  кезең бойынша  қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры мен  орынбасарлары  “Жас маман” сайысы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады.  Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Бақытбек Ерболат Бас жүлдені иеленсе, Шерьязданова Асемгуль Кабдрашитовна   1 орын, Сулайманова Рискуль Боходиркызы 2  орын,Машенова Гүлім Бөкенбаевна 3 орын,  Нугманова Гульназ Муратовна "АКТ қолдану" , Бахитжанов Расхан Дүйсенбаеваич "Үздік портфолио" Жусина Айгерим Болатовна "Ең өнерлі" Қозыбай Әмірхан Асылханұлы "Ұшқыр ойлы"  номинацияларымен  марапатталды.

«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз. Мектебіміз әрқашан осындай шараламен толыса берсін.

 

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст